Компания туралыБасшылықҚұрылым



Компания туралы

«Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысумен «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 қаулысына сәйкес құрылды.

Компания қызметінің негізгі бағыттары:
  • Қазақстан Республикасының ұлттық спутниктiк байланыс және хабар тарату жүйесi саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзiмдi, салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының деректерiн спутниктiк беру желiсiн құру және пайдалану;
  • Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтi" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде деректердi беру қызметтерiн ұсыну;
  • әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге және ақпаратты қорғаудың бiрыңғай саясатын қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпараттық технологияларды құру;
  • деректердi беру саласында ғылымды қажетсiнетiн технологияларды құру жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу.

АО "Kazsatnet" Ұлттық компаниясы" АҚ
Астана қаласы, Алматы к., 1
Бизнес орталғы "Асыл Тау"
тел./факс (7172) 701 700, 701 669
e-mail: info@ksn.kz
+7 (7172) 701-700
Copyright © 2007-2008 АО "Kazsatnet" Ұлттық компаниясы" АҚ

Интернет Решения" компаниясымен өндірілген