![]() |
|
||
Компания жаңалықтары
Қызметтің бағыттары
Мемлекеттік сатып алу |
|||
|
МО БКЖ жобасы
МО БКЖ арқылы телеметрикалық деректерді жинау және жеке басқаруды қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қосымшалар мен аппараттық құрылғыларды әзірлеу Осы әзірлеме бірінші кезекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (электрэнергиясымен, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электр станцияларын басқару және т.б. есепке алу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесі) кәсіпорындары үшін жекеленген деректер жинағын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы құрылғыларды, сондай-ақ объектілердің күзет-өрт сөндіру дабылдарында, темір жол көлік құралдарында қолдануға болады. Медициналық жабдықтардың деректерін беруді қамтамасыз ету үшін қосымшаларды және ақпараттық құрылғыларды әзірлеу. Қазіргі кезде осындай жабдықтарды құру қажеттілігі қолданыстағы медициналық жабдықтардың стандарттық интерфейсінің (DICOM интерфейсі бар жаңаша жабдықтарды қоспағанда) болмауына байланысты, осыған сәйкес телемедицина бойынша бағдарламаларды толығымен іске асыру үшін деректерді беру желісіне оны қосу мүмкін емес. Сондай-ақ осындай жабдықтардан деректерді жинау және оған шолу жасауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету болмай отыр. Компания 2007 жылдың аяғында медициналық жабдықтардың паркін зерттеу бойынша тиісті зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін электрокардиографтармен және деректерді берудің әртүрлі арналары бойынша Holter түріндегі құрылғылар арқылы, сондай-ақ ТЕТРА радиоарнасын пайдаланумен деректерді қашықтықта беру құрылғыларын әзірлеуді жоспарлап отыр. Ірі медициналық мекемелер үшін осы жабдықтарды жергілікті Ethernet желісіне қосу жоспарланып отыр, бұл жерде деректерді жинақтау мен сақтаудың қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етілуі немесе дәрігердің жұмыс орнын әмбебап бағдарламалық өнімдерімен автоматтандыру арқылы шоғырландырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (драйверлерді) әзірлеу талап етіледі. Жылжымалы объектілерді бақылау үшін қосымшалар мен аппараттық құралдарды әзірлеу Бұл әзірлеме бірінші кезекте Жедел көмек көрсету, күзет пост қызметтері, ҚР ТЖМ бөлімшелерінде, пошта қызметтері, жүкті жеткізу және жолаушыларды тасымалдау қызметтері бөлімшелерінде (автобустар, такси, пойыздарда) көлік құралдарын бақылау мен жедел басқаруға арналған. МО БКЖ деректермен алмасуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу Осы ұсынымдар желінің ірі қосымшалары, оның ішінде «Жеке тұлға», «Заңды тұлға», «Мекен-жайды тіркеу» және т.б. деректер қоры үшін әзірленіп отыр, сондай-ақ Компания мамандары деректерді тез және сапалы беруді қамтамасыз ету және МО БКЖ жұмыс бастылығын төмендету үшін деректердің оңтайлы құрылымын және алгоритмдерін құру кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілерге көмек көрсетеді. МО БКЖ құрумен қатар ұсынымдарды әзірлеу жоспарланып отыр. МО БКЖ жетілдіру және кеңейту мүмкіндігіне қарай ұсынымдарға тиісті өзгерістер енгізіледі. Егер МО БКЖ пайдаланушылар өздерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуін желі талаптарына сәйкес өз бетінше бейімдете алмаса, МО БКЖ қолданудың барлық кезеңінде оларға практикалық көмек көрсетіледі. |
|||
|
+7 (7172) 701-700
|
Copyright © 2007-2008 АО "Kazsatnet" Ұлттық компаниясы" АҚ Интернет Решения" компаниясымен өндірілген |