![]() |
|
||
Компания жаңалықтары
Қызметтің бағыттары
Мемлекеттік сатып алу |
|||
|
Ғылыми-зерттеу қызметі
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және ғылымды қажетсінетін технологияларды құру шеңберінде өткізілетін Компания іс-шараларының негізгі бөлімі МО БКЖ одан әрі дамытуға, пайдалану, оның қауіпсіздігіне және сенімділігіне тікелей немесе жанама байланысты әзірлемелерге бағытталады. Бұл жеке желіге (мониторинг, қауіпсіздік, өнімділік), сондай-ақ осы желінің базасында жұмыс істейтін қосымшаларға да қатысты. Мынадай сипаттағы жұмыстар жүргізу жобаланып отыр: Желі мониторингі МО БКЖ жай-күйін, жанама және паразиттік трафиктің, вирустық белсенділігінің, хакерлік шабуылдардың болуы мүмкін әртүрлі учаскелердегі күштеменің жай-күйін жедел бақылау үшін Бағдарламалық қосымшаны (немесе қолда бар қосымшаларды бейімдеу) әзірлеу. МО БКЖ (спутниктік сегментті) құрудың негізгі кезеңі және пилоттық тестілеу аяқталғаннан кейін мониторингі және желіні басқару бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді белгілеу жоспарланып отыр. Осымен қатар, мониторинг жүйесіне спутниктік жабдықтарды бейімдеу үшін драйверлерді құру қажет етіледі. Материалдық-еңбек ресурстарын сәйкестендіру және үнемдеу мақсатында негізгі тірек осы мақсатқа арналған құралдар мен хаттамалардан (SNMP) тұрады. Стандарттық параметрлерден басқа (байланыстың жай-күйі, порттарды пайдалану және т.б.) жабдықтары туралы (температура, антеннаның жай-күйі, корпусты ашу және басқалары) қосымша мәліметтерді де алуға болады. Жабдықтар мен хаттамаларды тестілеу МО БКЖ бірлескен жұмыстары үшін әртүрлі желілік және спутниктік жабдықтарды тестілеу. Жабдықтарды пайдалану бойынша ұсынымдар жасау, ретке келтіру және шығару бойынша желі абоненттеріне көмек көрсету. 2007 жылдың басында жарамдылығы және ретке келтіру және пайдалану бойынша ұсынымдары туралы келесі қорытындыны жасау арқылы әртүрлі өндірушілер жабдықтарының сәйкестігіне тестілеу жүргізу жоспарланып отыр. Жиі қолданылатын әртүрлі маршрутизациялау хаттамаларын, деректерді беру, дауыстар және бейнені, кодектерді және т.б. тестілеу. МО БКЖ осы хаттамаларды тиімді пайдалану бойынша желі абоненттері үшін ұсынымдар жасау. Көрсетілген хаттамаларды талдау мен тестілеу трафик үшін басымдылықты дұрыс бөлуге, қажетті өткізу жолақтарын бөліп шығаруға және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Деректерді спутниктік және жер беті арқылы беру жүйелері саласында жаңа әзірлемелер мен хаттамаларды зерттеу мен тестілеу. Оларды өнімділігі, қауіпсіздігі, сапасы, қызмет көрсетуінің және т.б. ең жақсы көрсеткіштері анықталған жағдайда МО БКЖ ендіру. Қызметтің осы түрі желіні пайдаланудың барлық кезеңінде үнемі жүргізіліп отырады және оларды МО БКЖ келесі енгізу мақсатымен телекоммуникация саласында (жабдық, хаттама) жаңа әзірлемелерді зерделеуге бағытталады. |
|||
|
+7 (7172) 701-700
|
Copyright © 2007-2008 АО "Kazsatnet" Ұлттық компаниясы" АҚ Интернет Решения" компаниясымен өндірілген |